icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

ШҚО жолшылары 90 көлікті арнайы техниканың көмегімен ертіп жүрді

Шығыс Қазақстан облысының жолшылары әрқайсысы 30 көліктен тұратын 3 көлік легін арнайы техниканың көмегімен ертіп жүрді. Арнайы техниканың сүйемелдеуімен алғашқы 60 көлік "Алматы-Өскемен" тас жолының төбешіктер арасында орналасқан күрделі жол бөлігінен (985 шақырым) Қалбатау ауылына дейін жеткізілді. Ал үшінші колоннаны жолшылар Қалбатау ауылынан Өскемен қаласына дейін ертіп апарды. Естеріңізге сала кетейік, соңғы екі күнде еліміздің шығысында ауа-райы қолайсыз болып тұр. Мәселен, ШҚО мен Абай облысында қатты жел мен боран соғуда. Қар екпінді желдің салдарынан жол резервінен жолдың жүру бөлігіне тасымалдануда. Жолшылар қар тазалау жұмыстарын үздіксіз жүргізіп, республикалық автотрассаларды тәулік бойы бақылауда. 2 өңірінде ауа-райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың 4 учаскесінде қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді. 1Абай облысында "Алматы-Өскемен" тасжолының Қалбатау ауылынан ШҚО шекарасына дейінгі аралығы мен "Өскемен-Семей" тасжолының ШҚО шекарасынан Семей қаласына дейінгі аралығы жабық. 2Шығыс Қазақстан облысында "Алматы-Өскемен" тасжолының Абай облысы шекарасынан Қасым Қайсенов кентіне дейінгі аралығы мен "Өскемен-Семей" тасжолының Герасимовка ауылынан Абай облысының шекарасына дейінгі аралығы жабық. Республикалық желіде 534 бірлік арнайы техника мен 1112 қызметкер қысқы күтіп-ұстау жұмыстарын атқаруда.