icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Жолшылар Абай облысындағы қолайсыз ауа-райының салдарын жоюда

Абай облысының аумағында соңғы екі тәулік ішінде қатты боран соғып, қолайсыз ауа-райы салдарынан бірқатар күре жолда жол қозғалысына шектеу енгізілді. Күре жолдарда арнайы техниканың көмегімен қар тазалау жұмыстары жүргізілуде. "Алматы-Өскемен" және "Өскемен-Семей" жолдарының екі учаскесінде биіктігі 2 метрге жететін жерүсті қарлы туннель пайда болды. Қатты екпінді желдің соғуы нәтижесінде қар жол резервінен жолдың жүру бөлігіне тасымалдануда. Көліктерді өткізіп жіберу үшін жолшылар Қалбатау ауылынан Өскемен қаласына дейінгі бағытта жолды тазалады. Қазіргі уақытта жолшылар жолдың жүру бөлігін кеңейту бойынша жұмыстар атқаруда. 33 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.