icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Республикалық күре жолдардағы ахуал туралы

"Самара-Шымкент" және "Подстепное-Федоровка" күре жолдарынан басқа республикалық тасжолдарда жағдай бірқалыпты, күре жолдар ашық. Еріген қар суын бұру жұмыстары Ақтөбе облысындағы "Самара-Шымкент" жолының 613 шақырымында және БҚО-дағы "Подстепное-Федоровка" тасжолының 114 шақырымында жалғасуда. Жұмысқа 40 бірлік арнайы техника мен 50 маман жұмылдырылды. Мәселен, БҚО-да "Подстепное-Федоровка" тасжолында су тасқанына тойтарыс ретінде екі жерде траншея қазу жұмыстары жүргізілді. Қазір су деңгейі төмендеді. Облавка және Приуральное ауылдарының облыс орталығымен көлік қатынасы үзілген жоқ. Естеріңізге сала кетейік, Ақтөбе облысында жергілікті атқарушы орган мен өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің өтініміне сәйкес Қобда ауылын су алмас үшін "Самара-Шымкент" тасжолының бір бөлігі қазылды. Жолды қазу жұмыстары 613 шақырымда жүргізілді. Жол қозғалысына енгізілген шектеулер: 1 "Самара-Шымкент" тасжолының Батыс Қазақстан облысының шекарасынан Маржанбұлақ ауылына дейінгі аралығы; 2 "Подстепное-Федоровка-Ресей Федерациясының шекарасы" тасжолының Бөрлі ауылынан Ақсай қаласына дейінгі аралығы;   3 "Самара-Шымкент" тасжолының Барбастау ауылынан Жымпиты ауылына дейінгі аралығы (тек жүк көліктері үшін);4 "Самара-Шымкент" тасжолының Жымпиты ауылынан Ақтөбе облысының шекарасына дейінгі аралығы.