icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Жол бойындағы қызмет көрсету нысандарының саны артуда

Республикалық маңызы бар тасжолдардың ұлттық операторы инвесторлармен бірлесе жол бойындағы қызмет көрсету нысандарының санын арттыру бойынша жүйелі жұмыс атқаруда. Биыл тағы 70 жол бойындағы қызмет көрсету нысанын қолданысқа беру көзделіп отыр. "Астана-Теміртау" күре жолының 42 шақырымында (оң жағынан) сауда алаңы қарастырылған III типті модульдік павильон ашылды. Қызмет көрсету нысанында әйелдерге, ерлерге және ерекше қажеттілігі бар жандарға арналған санитарлық-гигиеналық тораптар, сәбилерге арналған арнайы үстелдер және т.б. бар. Ал республикалық трассаларды пайдаланушылардың ыңғайы үшін бұл нысанның сыртында демалыс алаңы және көліктерді жөндеуге арналған эстакада салынды. Аталмыш күре жолдың 78 шақырымында (оң жағынан) дәл осындай тағы бір жол бойындағы қызмет көрсету нысаны ашылды. Жол бойындағы қызмет көрсету нысанын ашуға ниетті орта және шағын бизнес өкілдері, инвесторлар 1403 бірыңғай байланыс орталығына хабарласа алады.