icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Республикалық маңыздағы күре жолдарда көктемгі тазалық жұмыстары жалғасып жатыр

Қыстан кейін жолшы мамандар республикалық маңызы бар тасжолдарда ауқымды көктемгі тазалық жұмыстарын жалғастыруда. Мамандар республикалық жолдардың жиегіндегі қоқысты жинап, сигнал бағаналары мен катафоттарды орнатып, жол элементтерін, жол белгілері мен жол таңбаларын жаңартуда. Мәселен, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мамандар 15 мың шақырымға жуық жол таңба сызығын жаңартады. Қалыптасқан қолайлы ауа-райына байланысты Түркістан облысының республикалық маңызы бар автожолдарында жол таңбаларын жаңарту жұмыстары басталып кетті. Дәстүрлі көктемгі тазалық жұмыстары арнайы техниканың көмегімен де, қолмен де жүргізіліп жатыр.