icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ республикалық маңызы бар «Қызылорда-Павлодар-Успен-гр. РФ», «Қызылорда – Жезқазған» телімі 216+000-424+600 автомобиль жолын қайта жаңғырту жобасы бойынша мердігерді конкурстық іріктеудің басталғаны туралы хабарлайды. Тендерлік құжаттаманы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ кеңсесінен (Астана қ., Emerald Tower бизнес орталығы, А блогы, Қонаев к-сі, 10, 34-қабат, №3406 кабинет) қатысу ниеті туралы хатпен қолма-қол немесе nurlan.bekmurzayev@qaj.kz, d.konkaev@qaj.kz мекенжайлары бойынша электронды пошта арқылы алуға болады. Тендерге қатысушыларға қойылатын талаптар туралы толық ақпарат тендерлік құжаттамада көрсетілген. Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі – 2023 жылдың 3 сәуірі, конверттерді ашу уақыты мен күні – 2023 жылдың 17 мамыры, Астана уақыты бойынша сағат 15:00. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ әлеуетті өнім берушілерді қандай да бір болмасын сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтарға жол бермеуге шақырады. Егер сіз сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарын көрсеңіз немесе сыбайлас жемқорлық көріністерінің куәсі болсаңыз, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ сенім телефоны + 7 7172 648738 және Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің CALL орталығының 1424 нөмірі бойынша хабарласуыңыз қажет.