icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Республикалық маңыздағы күре жолдар желісінде көліктің жолдың екінші бетіне шығып кетуіне тосқауыл қоятын арнайы қоршаулар орнатылуда

Жолшылар "Екатеринбург-Алматы" республикалық маңызы бар автожолында жаңа үлгідегі арнайы қоршауды орнатуға кірісті. Арнайы құрылғы күре жолдың 1246 шақырымында орнатылып жатыр (Астана қаласы маңындағы Тілендиев көлік айрығы). Жол бойымен жүріп келе жатқан көлік жол-көлік оқиғасына ұшыраса, құрылғыда орнатылған барабандарың айналуына байланысты жолдың екінші бетіне шығып кетпей, осы құрылғы бойымен қозғалады. Тиісінше, көлік жол бойында қалады. Жол саласында бұл қоршаулар жолдардың қауіпті бөліктерінде орнатылады. Мәселен, бұрылыстарда, туннельдерге кіреберіс және шығаберісте, жол айрықтарында және т.б. Құрылғы жолаушылар мен жүргізушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Бір айдың ішінде Ақмола облысындағы Талапкер ауылының маңында (“Екатеринбург-Алматы” тасжолының 1239-шы шақырымында) тағы бір дәл осындай арнайы қоршау орнату көзделіп отыр.