icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

8 өңірде жол құрылысы маусымы басталды

Күн райы жылып, қолайлы ауа-райының қалыптасуына орай еліміздің 8 өңірінде жол құрылысы маусымы басталды. Жетісу, Жамбыл, Қарағанды, Атырау, Алматы, Қызылорда, Түркістан және Маңғыстау облыстарында жолшы мамандар қайта жаңарту, күрделі және орташа жөндеу жұмыстарына кірісті. Қайта жаңарту жұмыстары бес күре жолда жалғасын тапты. Олардың қатарында "Атырау-Астрахан", "Қарағанды-Балқаш", "Меркі-Бұрылбайтал", "Күрті-Бұрылбайтал", "Талдықорған-Өскемен" автожолдары бар. Тағы 18 республикалық маңыздағы тасжолда күрделі және орташа жөндеу жұмыстары басталды. Мәселен, биыл "Сарыөзек-Көктал" (45-68 шқ арасы), Құрық-Жетібай (0-40, 40-64 шқ арасы) трассаларының бірқатар бөліктерін күрделі жөндеу жоспарланып отыр. Ал орташа жөндеу жұмыстарымен "Самара-Шымкент", "Алматы-Шелек-Қорғас", "Шымкент қаласының айналма жолы" күре жолдарының учаскелері және т.б жолдар қамтылды. Жалпы, биыл республикалық жолдар желісі бойынша 3,6 мың шақырым жол қайта жаңарту жұмыстарымен қамтылса. 3,4 мың шақырым республикалық маңыздағы жол орташа және күрделі жөндеу жұмыстарымен қамтылады. Құрылыс-монтаждау жұмыстарына 8 мың бірлік арнайы техника мен 12 мың маман жұмылдыру көзделіп отыр.