“ҚазАвтоЖол”ҰК”АҚ IT мамандары республикалық маңызы бар автожолдарды пайдаланушылардың ыңғайы үшін арнайы жасақтаған көпфункционалды "SAPAR" қосымшасын одан әрі дамыту жұмыстары жалғасуда. Мамандар алты жаңа функцияны енгізді: 1.Қосымшаға жол бойында орналасқан қызмет көрсету нысандары туралы қосымша ақпарат жүктелді (қызмет көрмету нысандарының байланыс нөмірлері мен фотолары жүктелді; ұныған қызмет көрсету нысанын таңдаулыға қосып қоюға болады); 2.Маршрутта бірден бірнеше аялдаманы таңдауға болады. Егер бұрын пайдаланушылар тек А нүктесінен В нүктесіне дейін жүре алса, қазір бір маршруттың ішінде бірден бірнеше қаланы таңдау мүмкіндігі бар; 3.Маршрутты таңдаулыға қосып қоюға болады; 4.Пайдаланушылардың ыңғайы үшін жабық жол учаскелері енді қосымшаның басты бетінде көрсетіледі; 5.Пайдаланушының жеке кабинетінде қандай ақылы жолмен жүргені сақталады; 6.Қосымшадағы барлық бөлімдер бойынша "SAPAR" қосымшасын пайдалану нұсқаулығы жасалды. Егер бұрын "SAPAR" қосымшасы тек Google Play-де қолжетімді болса, енді қосымша App Store-да да бар.