icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Көктемгі тазалық жұмыстары басталғалы бері жолшылар 1 мың тоннадан астам қоқыс жинады

Қолайлы ауа-райының қалыптасуына байланысты республикалық маңызы бар жолдар желісінде құрылыс жұмыстары біртіндеп басталып жатыр. Сонымен қатар, көктемгі тазалық жұмыстары да жалғасуда. Жолшы мамандар жол жиегіндегі қоқысты жинап, жол элементтерін қалыпқа келтіріп, жол таңбаларын жаңартуда. Қар еріп, күн райының жылынуына байланысты қоқыс мөлшері де көрініп жатыр. Мамандар пластикалық бөтелкелерді, қағаз шыныаяқтарды, резеңке шиналар мен құрылыс материалдарын арнайы қоқыс лақтыратын жерлерге жеткізу үшін күніне бірнеше рейс жасайды. Жалпы көктемгі тазалық жұмыстары басталғалы бері жолшылар 1 мың тоннадан астам қоқыс жинады. Жолшылар жол бойындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, күтіп-ұстау жұмыстарын үздіксіз жалғастыруда. Республикалық трассаларды пайдаланушыларды мамандардың еңбегін сыйлап, тазалықты сақтауға шақырамыз.