icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Ақмола облысында Қосшы қаласы мен Қабанбай батыр ауылы арасындағы проблемалық жол учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары басталды

Мердігер ұйым Ақмола облысындаға Р-3 "Астана-Қабанбай батыр-Энтузиаст-Киевка-Теміртау" (16-35 шқ арасы) күре жолының 19 шақырымдық проблемалық бөлігінде орташа жөндеу жұмыстарын бастады. Жұмыстар Қосшы қаласы мен Қабанбай батыр ауылы арасындағы жол бөлігінде жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта мамандар ескі асфальтбетон жабынын фрезерлеуге кірісті. Биылғы жол құрылысы маусымы аясында 19 шақырым жолда жаңа асфальт төселеді. Сонымен қатар, “Құрылтай” тұрғын үй кешенінің қасында және Қосшы қаласына іргелес учаскеде 2 жаңа бағдаршам орнатылады. Жергілікті тұрғындардың өтінішіне сәйкес “Құрылтай” тұрғын үй кешенінің қасында жаңа аялдама павильоны қойылады. Қабанбай батыр ауылының ішімен өтетін жол бөлігінде ескі көше шамдары заманауи энергияны үнемдейтін жарықдиодты шамдарға ауыстырылады. Олар жолдарда, әсіресе түнгі уақытта тиімділігі жоғары және жолдарды автокөлік жүргізушілері үшін жарық және қауіпсіз етеді. Бұл жаяу жүргіншілер үшін де ыңғайлы.