icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Күре жолдарды қар басудан қорғайтын жаңа технология сынақтан өтуде

"ҚазАвтоЖол"ҰК"АҚ республикалық маңызы бар автожолдарда қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған іс-шаралар кешенін іске асыруды жалғастыруда. Мәселен, елімізде шығарылған жолдарды қар басудан қорғайтын заманауи қоршаулар сынақтан өтуде. Модульдік конструкция "Астана-Павлодар" республикалық маңыздағы күре жолының 24 шақырымында (Қоянды ауылы қасындағы көлік айрығынан кейін) орнатылды. Жаңа "КТ-63" қоршауларының ең басты артықшылығы — олар коррозияға төзімді материалдардан жасақталған. Тиісінше, бұл қоршаулардың қызмет ету мерзімі де ұзағырақ. Темірбетоннан жасалған арнайы қоршаулармен салыстырғанда, бұл қоршауларды орнату оңай және техникалық қызмет көрсетіп, күтіп-ұстауды қажет етпейді.