icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Түркістан облысының республикалық маңыздағы автожолдарында қызыл түске боялған қауіпсіздік аралдары пайда болды

"ҚазАвтоЖол "ҰК" АҚ Түркістан облыстық филиалының бастамасымен өңірдегі республикалық автожолдарда алғаш рет қызыл түске боялған қауіпсіздік аралдары пайда болды. Жолшылар жаңа жол таңбасын жол қозғалысына қатысушылардың назарын арттырып, республикалық автотрассалардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында сызды. Қызыл түсті қауіпсіздік аралы көлік қарқыны жоғары "Самара-Шымкент" тасжолының 2115 шақырымында (екі жағынан) пайда болды. Жолшылар қызыл бояудың үстіне арнайы жарық шағылыстырғыш шарларды қолданды. Олар түнгі уақытта және күн райы күрт қолайсыз болып, жол бойындағы көріну деңгейі нашарлағанда да айқын көрінеді. Дәл осындай қауіпсіздік аралдары "Шымкент-Тараз" және "Шымкент-Ташкент" бағыттарында да пайда болады. 1.Естеріңізге сала кетейік, биыл республикалық автожолдар желісінде жолшылар 8 мыңға жуық жаңа жол белгілерін, 19 мың дана катафоттарды, 3,5 мың шаршы метр шу жолақтарын және 10 мың сигнал бағанасын орнатады. Сонымен қатар, мамандар 9,7 мың қума метр тосқауыл қоршауларын жабдықтап, 23 мың шақырымнан астам жол таңба сызығын жаңартады, 179 автопавильон және демалыс алаңдарын жөндейді. Жол қозғалысы ережелерін сақтап, жол қауіпсіздігін насихаттау мақсатымен республикалық автотрассалардың бойында 300-ден астам жаңа ақпараттық панно орнату көзделіп отыр. Бұл шаралар жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.