icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Республикалық маңызы бар күре жолдарда жол таңба сызықтарын жаңарту жұмыстары жүргізілуде
Мамандар қыстан кейін республикалық маңыздағы трассаларда жол таңба сызықтарын жаңартып жатыр. Жалпы, биыл мамандар 21 мың шақырым жол таңба сызығын жаңартады. Жолшылар жол таңбасын сызу үшін арнайы бояумен қатар жарық шағылыстырғыш шарларды да қолдануда. Олар жол таңбаларын түнгі уақытта және күн райы күрт қолайсыз болып, жол бойындағы көріну деңгейі нашарлағанда да көруге мүмкіндік береді. Жүргізушілер жолда мұқият болып, жұмыс жүргізіліп жатқан жол учаскелерінің алдында жылдамдықты төмендетуі керек екенін еске саламыз.