icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

ҚазАвтоЖол ақылы жолдарда SMS-хабарлама қызметін іске қосты

Ақылы жол пайдаланушыларын уақтылы хабардар ету үшін ҚазАвтоЖол ұлттық компаниясы SMS-хабарлама қызметінің пилоттық жобасын іске қосты. Ақылы жолға алғаш өткен кезде автокөлік иесі SMS-хабарлама алады. Хабарламада төлем әдістері туралы сілтеме де қарастырылған. SMS-хабарлама ашық жүйе іске қосылған жеті ақылы жолдан өткен кезде келеді. Олардың қатарында Астана-Павлодар, Шымкент-Қызылорда, Шымкент-Ташкент, Шымкент-Тараз, Тараз-Қайнар, Қонаев-Талдықорған және Щучинск-Көкшетау күре жолдары бар. Шлагбаумдар қарастырылған учаскелерден өткен кезде ("Астана-Щучинск"," Астана-Теміртау"," Алматы-Қонаев"," Алматы-Қорғас") SMS-хабарлама келмейді. Естеріңізге сала кетейік, елімізде жалпы ұзындығы 2,200 шақырымды құрайтын 11 ақылы жол бар.