icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Жаңа жол бойында орналасқан қызмет көрсету нысаны ашылды

Республикалық маңызы бар М-32 "Самара-Шымкент” күре жолының "Шымкент-Қызылорда" ақылы учаскесінің 60 шақырымында (Шымкент қаласы бағытында, оң жақта) жаңа жол бойында орналасқан қызмет көрсету нысаны ашылды. Нысан жеке инвестициялар есебінен салынды. Модульдік типтегі павильон ер адамдарға, әйел адамдарға және ерекше қажеттілігі бар жандарға арналған абаттандырылған санитарлық-гигиеналық тораптардан, душ кабинасынан және сауда алаңынан тұрады. Биыл 70-тен астам жаңа жол бойында орналасқан қызмет көрсету нысандарын ашу көзделіп отыр.