icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Қарағанды облысында республикалық маңызы бар "Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ботақара" күре жолы жөнделіп жатыр

Бұл тасжол өңірді Баянауыл курорттық аймағымен байланыстырады. Биылғы жол құрылысы маусымы аясында мамандар "Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ботақара" тасжолының жалпы ұзындығы 60 шақырымды құрайтын бөлігін жөндеу жұмыстарымен қамтыды. Жөндеу жұмыстары Үміткер ауылынан Ботақара ауылына дейінгі жол учаскесінде жүргізіліп жатыр. Жөндеу жұмыстарына дейін жолдың жағдайы қанағаттанарлықсыз болды. Жолшылар ресайклинг технологиясын қолдану арқылы жолдың асфальт жабынын жаңартты. 40 шақырымнан астам жол жөнделіп, жаңа су өткізгіш құбырлар орнатылды. Жөндеу жұмыстарына 35-тен астам арнайы техника мен 50-ге жуық маман жұмылдырылды. Жаздың аяғына дейін тағы 20 шақырым жол жөнделеді. Жөндеу жұмыстары толық аяқталғаннан кейін мамандар жол таңба сызығын жаңартады.