Бұл шара үй жануарларының қатысуымен болатын жол-көлік көлік оқиғалары алдын алуға бағытталған. Құрылғы жол-көлік көлік оқиғалары жиі тіркелген учаскелерге орнатылды. Жалпы ұзындығы 100 шақырымды құрайтын "электр бағбан" құрылғысы: "Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайөтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау" тасжолында (Бекі ауылынан Жетібай ауылына дейінгі учаскеде) "Жетібай-Жаңаөзен-Кендірлі-Түрікменстан шекарасы" тасжолында (Жетібай ауылынан Жаңаөзен қаласына дейінгі учаскеде) орнатылды.Жоғарыда көрсетілген жол учаскелерінің таңдалу себебі олардың қасында шаруа және фермер қожалықтары орналасқан. "Алайда бұл құрылғыларды бұзып немесе мүлдем ұрлап алып кеткен жағдайлар да тіркеліп отыр. Маңғыстау облыстық филиалы тұрақты негізде электр қоршауының зақымдану фактілеріне жол бермеу туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Күнделікті жолдарды бақылау жұмысы аясында жолшылар осы фактілерді анықтап, қоршауларды қалпына келтіруде", - деп атап өтті мамандар.