Осыған орай алдағы демалыс күндері жол қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істейті. Ұзақ жолға шықпас бұрын жүргізушілер көліктің жай-күйін тексергені абзал. Сонымен қатар жол қозғалысы ережелерін назардан тыс қалдырмай, жылдамдық режимін қатаң сақтауға шақырамыз.
Республикалық автожолдар желісінде, оның ішінде ақылы жолдарда да трафик айтарлықтай өседі деп болжануда. 5 шілде күнгі кешкі уақыттан бастап көлік қозғалысы қарқындылығының 30-40% өсуі күтілуде. Болжамға сәйкес, бейсенбі мен жексенбіде көлік анағұрлым көбірек қатынайды. Жаз мезгілінде көлік ең көп жүретін бағыттардың қатарына "Астана-Щучье" және "Алматы-Қонаев" жатады.
Шлагбаумның алдында кезек күтіп ұзақ тұрып қалмау үшін мемлекеттік тіркеу нөмірінің белгісі шотын алдын ала толықтыруға кеңес беріледі. Бұл ақы алу пункттерін тезірек өтуге мүмкіндік береді. Толық ақпаратты kaztoll.kz сайтынан алуға болады.
Жолда қандай да бір қиын жағдайға тап болсаңыз 1403 байланыс орталығына хабарласыңыз. Колл-орталық тәулік бойы жұмыс істейді.
Жаңалықтар
