Түркістан облысында республикалық маңызы бар А-15
"Жызақ - Гагарин - Жетісай - Қызыләскер - Сарыағаш - Жібек жолы" күре жолы жөнделуде.
Трассаның жалпы ұзындығы 146 шақырымды құрайды. Күре жол бойында 30-ға жуық елді-мекен орналасқан. Облыс бойынша көлік қарқыны жоғары жолдардың қатарына жатады. Тәулігіне 15 мыңға жуық көлік жүреді.
Биылғы жол құрылысы маусымы аясында жолшылар ұзындығы шамамен 50 шақырымды құрайтын нашар күйдегі үш учаскені жөндеуде.
Жөндеу жұмыстары
Өзбекстан шекарасынан Жетісай қаласына дейінгі,
Енкес елді-мекенінен Жібек жолы елді-мекеніне дейінгі,
Қызыләскер ауылынан Жүзімдік ауылына дейінгі жол аралықтарында жүргізілуде.
Жөндеу жұмысы тәулік бойы екі ауысымда жалғасып жатыр. 70 маман мен 45 арнайы техника жұмылдырылды.