Қостанай облысында М-36 "Алматы-Екатеринбург" трассасының Пешковка ауылынан Федеровка ауылына дейінгі жол аралығы жөнделді (441-471 шқ). Жөнделген жолдың жалпы ұзындығы — 30 шақырым. Тәулігіне 4 мыңнан астам көлік жүреді.
Жолшылар ресайклинг әдісін қолдана отырып, жол жабынын жаңартты. Сонымен қатар мамандар жол жиегін нығайтып, жол таңба сызығын жаңартты.
Жаңалықтар
