Мамандар М-51 "Петропавл-Омбы" тас жолының Мағжан Жұмабаев ауданы аумағындағы жол бөлігін жөндеуде. Биыл Булаев қаласынан Чистое ауылына дейінгі жол учаскесі жөндеу жұмыстарымен қамтылды.
Осы аралықта тәулігіне 3 мыңнан астам автокөлік жүреді.
Бүгінгі таңда мамандар жаңа асфальт төсеуге кірісті.