Р-10 "Астана қаласының үлкен айналма жолының" 4 шақырымындағы теміржол арқылы өтетін өткелде күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Бұл өткел апатты деп танылды. Негізгі құрылыс-монтаждау жұмыстары толықтай аяқталды: жол өткелі жаңадан салынды,
негізгі құрылымдары нығая түсті. Қазіргі уақытта жайластыру жұмыстары жүргізілуде. Жол өтпесінде төрт жолақты қозғалыс қамтамасыз етілді. Көлік қозғалысының болжамды қарқындылығы тәулігіне 19-20 мың автокөлікті құрамақ.
Күрделі жөндеу жұмыстарының нәтижесінде Р-10 тасжолының өткізу қабілеті артып, көліктер мен пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігі қамтамасыз етілмек
Жаңалықтар
