icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

"ҚазАвтоЖол" ХҚИ сатып алу ережелеріне өзгерістер енгізуді ұсынды

Еуропалық қайта құру және даму банкінің консультанттары "ҚазАвтоЖол" өкілдерімен бірлесе "Қызылорда-Жезқазған" автожолына барып (Қызылорда облысы жағынан жалпы ұзындығы 204 шақырым), бес учаскенің құрылысына жауапты мердігер ұйымдардың жұмысын тексерді.

Тараптар мердігер ұйымдарды анықтау үшін конкурс шарттарын, жобаның экологиялық және әлеуметтік мәселелерін, мердігерлер атқарып жатқан құрылыс жұмыстарының қарқынын, қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігін және т. б. талқылады.

"ҚазАвтоЖол" өкілдері ЕҚДБ консультанттарының қатысуымен өткен жұмыс кеңесі барысында Халықаралық қаржы институттарының сатып алу ережелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттігін атап өтті.

Ұлттық компания өткен жылдардағы тәжірибеге сүйене отырып, келесі тармақтарды қарастыруды ұсынды:

  1. 30 жылдан астам уақыт ішінде еліміздің аумағында ХҚИ қарыз қаражаты есебінен жол салумен айналысқан бірде-бір шетелдік компания толық капиталдандыруды қамтамасыз еткен жоқ. Шетелдік компаниялар ҚР аумағында өздеріне тиесілі техникасы, жабдықтары мен персоналы болмағандықтан құрылыс жұмыстарын жергілікті компанияларға төмен құны бойынша қосалқы мердігерлікке тапсырды. Әлі де тапсырып келеді. Ал бұл болса жобаларды іске асыру мерзіміне тікелей әсер етіп отыр. Осыған сүйене отырып, “ҚазАвтоЖол”ҰК”АҚ шетелдік компаниялармен келісімшартқа отыруды олар құрылыс учаскелерін барлық қажет техникамен жабдықтағаннан кейін ғана жүзеге асыру қажет деп есептейді.
  2. Автожол жобалары белгіленген мерзімде жүзеге асып, уақтылы қолданысқа берілуі үшін бекітілген кестеге сай жұмыс жүргізбеген мердігерлерге айыппұл салу қажет.
  3. Аванстың белгілі бөлігі шетелдік компаниялардың бас кеңселерінде орналасқанын ескере отырып, жергілікті филиалдармен шартқа отыру ұсынылуда (Қазақстанда деректемесі болуы шарт). Бұл қаражатты мақсатына сай пайдалануға және қаржы ағындарын бақылауға мүмкіндік береді.
  4. Сондай-ақ, ұлттық компания жобаларға тәжірибесі бар (қатысушының ҚР аумағында аяқталған ұқсас жобаларының болуы) және қажет жол-құрылыс техникасымен толықтай қамтамасыз етілген мердігер компаниялардың ғана қатысуын қамтамасыз ету қажет деп санайды. Сондай-ақ, алдыңғы жобалар бойынша жұмыстар толық аяқталғанға дейін компанияларды тендерлерге қатыстырмау критерийін енгізу ұсынылады.

Бұл ұсыныстар нарықтық бәсекелестікті орнатуға мүмкіндік бермек.

Сапар қорытындысы бойынша Еуропалық қайта құру және даму банкі егжей-тегжейлі есеп бермек.