icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Жолшылар республикалық маңызы бар жолдарға арнайы катафоттарды орнатуда

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жол-көлік оқиғаларын алдын-алу үшін "ҚазАвтоЖол "ҰК" АҚ республикалық автожолдар желісінде инновациялық технологияларды сынақтан өткізу және салаға енгізу бойынша кешенді жұмыс жүргізіп жатыр.

Мәселен, жолшылар отандық өндірушімен бірлесе арнайы катафоттарды республикалық желіде орналасқан жол бұрылыстарына орнатып, апробациядан өткізуде. Қондырғыларды орнату үшін екі тәжірибелік-эксперименттік учаске қарастырылды. Арнайы катафоттар "Астана-Щучье" жолының 41 шақырымында және "Астана-Теміртау" тасжолының 1358 шақырымында орнатылды. Бұл күре жолдар еліміздегі көлік қарқыны жоғары жолдардың қатарына жатады. Мұнда тәулігіне 30 мың көлік жүреді.

Эксперимент ретінде қызыл және сары түсті катафоттар таңдалды. Қондырғы түнгі уақытта анық көрініп, жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге септігін тигізуде.