icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Жолшылар "Сарыөзек-Көктал" күре жолының конструктивті қабаттарын нығайтты

Жетісу облысында жол құрылысы маусымы аясында республикалық маңызы бар "Сарыөзек-Көктал" автожолының конструктивті қабаттары нығайтылды. Енді күре жол 13 тонна осьтік жүктемеге есептелген. Бұл шара цемент өндіруге арналған шикізатты тасымалдайтын көп тонналық самосвалдардың республикалық трассаға кесірі тимеуі үшін қабылданды.

"Бұл жолдың жалпы ұзындығы 178 шақырымды құрайды, оның 65 шақырымы құрылыс-монтаждау жұмыстарымен қамтылды. 23 шақырым жолда (Алтын Емел асуы) күрделі жөндеу жұмыстары атқарылып жатса, 42 шақырым жол орташа жөндеу жұмыстарымен қамтылды. Құрылыс қарқынын күшейту үшін қосалқы мердігер ұйымдарды жұмысқа тарттық. Орташа жөндеу учаскелерін пайдалануға беруге дайындап жатырмыз. Күрделі жөндеу учаскесін жыл соңына дейін жаңа асфальтбетон жабынымен қамтамасыз ету көзделген. Құрылыс жұмыстары толығымен 2024 жылы аяқталмақ. Жалпы, осы өңірдің республикалық маңыздағы автожолдарының жай-күйі туралы жергілікті тұрғындар тарапынан оң пікірлер айтылуда. "ALACEM" зауытының басшылығы мен қызметкерлерін тасымалдау нормаларын бұзбауға шақырамыз", - деп атап өтті "Қазавтожол" Басқарма Төрағасы Мейірхат Қасымбаев.

Жетісу облысында құрылысы аяқталуға жақын бірқатар автожол жобалары бар. Олардың қатарында "Талдықорған-Қалбатау-Өскемен" (314 шқ), "Үшарал-Достық" (90 шқ), "Көктал-Жаркент" (16 шқ) автожолдары және т. б. бар.