icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

“ҚазАвтоЖол” Басқарма басшысы Мейірхат Қасымбаев жолшыларды кәсіби мерекемен құттықтады

Құрметті жолшылар мен сала ардагерлері!

Тамыз айының әр екінші жексенбісінде елімізде құрылыс саласының қызметкерлері күні атап өтіледі. Бұл күре жолдарды жобалауға, салуға, қайта жаңартуға, жөндеуге және күтіп-ұстауға тікелей қатысы бар мамандардың мерекесі.

Кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!

Биыл республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторы "ҚазАвтоЖол "ҰК" АҚ-ның құрылғанына 10 жыл толып отыр. Өткен 10 жыл ішінде жолшы мамандар жалпы ұзындығы 3 мың шақырымға жуық "Астана-Павлодар", "Астана-Қарағанды", "Алматы-Қорғас", "Ташкент-Шымкент-Жамбыл облысының шекарасы", "Петропавл-Көкшетау", "Семей-Павлодар", "Ақтау-Жетібай-Жаңаөзен", "Алматы-Қапшағай-Талдықорған","Елорданың оңтүстік-батыс айналма жолы” және т.б. жолдарды салып, ел игілігіне тапсырды. Бұл отандық көлік желісін кеңейтіп, өңірлер арасындағы әлеуметтік-экономикалық байланыстарды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Биыл Мемлекет басшысының Ұлттық операторды “Казахавтодор” ЖШС-мен біріктіру және бірыңғай автожол компаниясын құру жөніндегі тапсырмасы орындалды. Бүгінгі таңда мекемеде 5 мыңнан астам қызметкер жұмыс істейді, ал республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы желісі 25 мың шақырымды құрайды. Былтырдан бері арнайы техника паркін жаңа заманауи жабдықтармен толықтыру, материалдық-техникалық базаны жаңарту және жол қызметкерлерінің жалақысын арттыру бойынша жұмыс жүргізіп келеміз. Қызметкерлеріміз үшін жан-жақты еңбек жағдайын жасау маңызды.

Бүгінде компания республикалық жолдарды салу және қайта жаңарту  жұмыстарын жалғастыруда. Сонымен қатар жаңа инновациялық технологияларды  сынақтан өткізіп, жол құрылысы саласына енгізу үшін еңбек етуде. Жол бойында орналасқан қызмет көрсету нысандарының санын ұлғайту аясындағы жұмыс жалғасып келеді. Биылғы құрылыс маусымының соңына дейін бірқатар негізгі автожол объектілерін пайдалануға тапсыруды көздеп отырмыз.

Атқарар ауқымды әрі жауапты істер әлі де көп!

Кәсіби мереке күні салада еңбектеніп келе жатқан барша жолшы мамандар мен  сала ардагерлеріне зор денсаулық, амандық және барлық игі істерде табыс тілеймін!