icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Жүк көліктерінің қозғалысына енгізілетін шектеу туралы

“ҚТЖ”ҰК”АҚ Никельтау жол дистанциясының “Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі” 2023 жылғы 18 тамызда “Самара-Шымкент” күре жолының 811 шақырымында орналасқан темір жол өткелінде жөндеу жұмыстарын атқармақ.

Осыған орай 18 тамыз күні сағат 3:00-ден бастап таңғы 7:00-ге дейін жоғарыда аталған жол бөлігінде жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізіледі.

Бұл уақытта жеңіл автокөліктердің қозғалысы негізгі темір жол өткелінің қасында орналасқан уақытша өткел бойынша жүзеге асырылмақ. Жол қозғалысын жергілікті полиция қызметкерлері реттейді.