Көлік қарқыны жоғары күре жолдарға арнайы жол белгілері орнатылуда

Көлік қарқыны жоғары күре жолдарға арнайы жол белгілері орнатылуда

 Көлік қарқыны жоғары күре жолдарға арнайы жол белгілері орнатылуда

Республикалық маңызы бар жолдар желісінде қолданыстағы жол белгілерін қайталайтын арнайы көлденең белгілер апробациядан өтуде. Мәселен, "Астана-Щучье" жолының ақы алу пунктіне кіреберісте 100 км/сағ қозғалыс жылдамдығын шектейтін жол белгісі орнатылды.

Өндірушінің ақпаратына сәйкес, бұл жол белгілері термопластиктен жасалған. Оларды орнату үшін ауыр арнайы техника қажет емес. Газ оттығы арқылы 140°C дейін қыздырып, орнатуға болады.

Арнайы жол белгілері жол қауіпсіздігі деңгейін арттырады деп болжануда.