icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Солтүстік Қазақстан облысында ұзындығы 27 шақырым болатын А-16 "Жезқазған-Петропавл" күре жолының жөндеуден өткен учаскесі пайдалануға тапсырылды

Мамандар жол жамылғысын қайта өңдеу әдісімен жаңартып, жол жиегін нығайтты. Жол таңба сызығы жаңартылды.

Жолдың жөнделген бөлігі Солтүстік Қазақстан облысының Есіл және Шал ақын аудандары арқылы өтеді. Қазір қозғалыс қарқындылығы тәулігіне 3,5 мың автокөлікті құрап отыр.

Құрамына техникалық қадағалау, ұлттық сапа және жол активтері орталығының, мердігер және күтіп-ұстау ұйымдарының өкілдері кіретін қабылдау комиссиясы жолды бағамдады. Қабылдау барысында жөндеу жұмыстары бойынша ескертулер болған жоқ.