icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Ақмола облысында А-13 "Көкшетау-Омбы" республикалық күре жолы жөндеуден өтті

Көкшетау қаласынан жергілікті әуежайға апаратын көлік айрығына дейінгі жол бөлігі жөнделді. Мамандар жол жабынын жаңартып, жол жиегін нығайтты. Қозғалысқа қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ескі шамдар заманауи жарықдиодты шамдарға ауыстырылды.

Бастапқы 12 шақырым жол I санатқа жатады. Төрт жолақты қозғалыс қамтамасыз етілген. Бір-біріне қарама-қарсы келе жатқан көліктер жолдың екінші бетіне шығып кетпеуі үшін арнайы тосқауыл қоршаулар қарастырылған.