icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Елімізде алғаш рет "Superpave" технологиясы сынақтан өткізілмек

Астана қаласында жолдарды жобалау мен құрылыс барысында америкалық superpave технологиясын қолдануға арналған семинар өтті. Семинарға "ҚазАвтоЖол" мамандары да қатысты.

Автомобиль жолдарының эксплуатациялық сипаттамаларын арттыруға мүмкіндік беретін Superpave әдісі елімізде алғаш рет сынақтан өткізілмек.

Superpave — асфальтбетон құрамдарын көлемді жобалау әдісі. Бұл технологияның басты артықшылығы мен айырмашылығы — жобалау және жөндеу жұмыстары кезінде әр аймақтың климаттық жағдайы мен температурасы әрі қозғалыс қарқындылығы ескерілетіндігінде. 

"ҚазАвтоЖол" мамандары америкалық "superpave" технологиясын сынақтан өткізу үшін тәжірибелік-эксперименттік учаскелерді анықтауға кірісті. Алғашқы апробация келісі 2024 жылы өтеді деп жоспарланған. Бұл жұмыс ирландиялық MACEL консалтинг компаниясымен және Еуропалық Қайта Құру және Даму банкімен бірлесе жүргізіледі.