Жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, тәртіп пен тазалықты сақтау мақсатымен Р-22 "Алматы-Космостанция" күре жолында (15-34 шақырымдары аралығы) көлік қозғалысына шектеу енгізілді.
Қызметтік міндеттемелерді орындау үшін жүріп өтуге рұқсат етіледі (бекітілген тізімге сәйкес және тек қызметтік автокөлікпен):
Ұлттық саябақ қызметі,
шекара заставасы,
"Космостанция" ғылыми базасы,
метеорологиялық және гидрологиялық қызметтер,
Алматы қаласының туризм басқармасы.