icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

"Хантау-Бұрылбайтал" күре жолы пайдалануға берілді

Жамбыл облысында мамандар жалпы ұзындығы 81 шақырымды құрайтын "Хантау-Бұрылбайтал" жолын пайдалануға тапсырды. Реконструкция жұмыстары 189-273 шақырымдары арасында жүргізілді. Күре жол ІІ техникалық санатқа сай. Реконстукция жұмыстары нәтижесінде Хантау және Бұрылбайтал ауылдары (Мойынқұм ауданы) арасында жаңа асфальт төселді.

Жолдың инфрақұрылымын жақсарту үшін мамандар екі көпір, екі жол өтпесін және тоғыз мал айдауын өткелін салды. Сонымен қатар Қияхты елді-мекенінің қасында орналасқан демалыс алаңдарында екі санитарлық-гигиеналық торап қарастырылды. Бұл учаскеде заманауи жарықдиодты шамдар орнатылды.

Осы айда Шу қаласының айналма жолын да пайдалануға беру көзделіп отыр.