icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

"Үшарал-Достық" күре жолының кезекті учаскесі пайдалануға берілді

Жетісу облысында жолшылар Көктұма елді-мекенінен Жалаңашкөл көліне дейінгі республикалық маңызы бар "Үшарал-Достық" автожолының кезекті учаскесін пайдалануға берді. Реконструкция жұмыстары аясында күре жол III техникалық санаттан II санатқа ауыстырылды. Бұл жолдың өткізу қабілетін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік бермек.

Сонымен қатар реконструкция жұмыстары аясында мамандар Ырғайты мен Тоқты өзендері арқылы өтетін екі жаңа көпір салып, 40-тан астам су өткізу құбырын орнатты.

Қазір мамандар осы жолдың соңғы (ең шеткі) учаскесін тапсыруға дайындап жатыр. Бұл — Жалаңашкөл көлінен Достық станциясына дейінгі жол учаскесі. Тиісінше, осы айда "Үшарал-Достық" автожолы толығымен халық игілігіне беріледі.