icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

 Қарағанды-Балқаш бағытында айналма жолдар жойылды

363 шақырымды құрайтын республикалық маңыздағы “Қарағанды-Балқаш” тасжолында барлық айналма жолдар жойылды. Жол I техникалық санатқа жатады және төрт жолақтан тұрады.

Биыл мердігер ұйымдар 190 шақырым асфальт жабынының төменгі қабатын, 150 шақырым асфальт жабынының жоғарғы қабатын төседі.

Сонымен қатар, Жұмабек, Ақсу, Ақсу-Аюлы, Ақшатау ауылдары мен Балқаш қаласының айналма жолдарының құрылысы аяқталды. Бұл транзиттік көліктерге жоғарыда аталған ауылдар мен қалаға кірместен айналма жол арқылы еркін жүруге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар 32 жол өтпесінің, 11 көпірдің, көлік айрығы мен теміржол арқылы өтетін жол өтпесінің құрылысы аяқталды.

Нысанды құрылыс жұмыстарының соңғы сатысы жүзеге асырылғаннан кейін қолданысқа тапсыру көзделген.