Қысқы күтіп-ұстау жұмыстарына 300-ге жуық арнайы техника мен 500 маман жұмылдырылды. Автожолдарды өңдеу үшін 2 мың текше метрқұм-тұз қоспасы жұмсалды.
Қазір еліміздің 2 өңірінде 6 күре жол жабық.
Атырау облысында
"Атырау-Орал" күре жолының Индер ауылынан БҚО шекарасына дейінгі аралығында көлік қозғалысы шектелді.
Батыс Қазақстан облысында 5 күре жол жабық. Олардың қатарында:
"Чапаево-Жалпақтал-Казталовка-РФ шекарасы", Чапаево-
Казталовка ауылдарының арасы;
"Атырау-Орал", Атырау облысының шекарасынан Орал қаласына дейін;
"Самара-Шымкент", ГАИ бекеті-КПП Сырым БӨП;
"Орал-Тасқала-РФ шекарасы", Орал қаласының шекарасынан РФ шекарасына дейін;
"Самара-Шымкент", Подстепное-Жымпиты аралығы