icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

«ҚазАвтоЖол» жаңбырда және қарлы боранда төселетін асфальт технологиясын тестілеуде

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы «QAZJOLGZI» ғылыми жол институты және венгерлік әзірлеушімен бірлесіп Астана қаласының айналма жолының учаскесінде RapidAszfalt дайын суық асфальтбетон қоспасымен жабынға шұңқырлы жөндеу бойынша тәжірибелік жұмыстарын жүргізді.  

RapidAszfalt ыстық асфальт қоспасы технологиясы бойынша әзірленген. Ешқандай дайындық жұмыстарынсыз (ақауларды үрлеу және тазалау, эмульсияны құю), жылыту және қоспаларсыз, сондай-ақ арнайы техникасыз (қолмен тығыздау немесе қол вибро-машинасы жеткілікті) жол бетіндегі ақауларды тез арада жою үшін қолданылады. Суық қоспаны төсеп, жөндеу жұмыстарын аяқтай сала көлік қозғалысын бірден ашуға болады.   

Су өткізбейтін әсерінің арқасында RapidAszfalt-ты жаңбырлы және қарлы суық ауа райында төсеуге болады. -20℃ до + 50℃. температурада оң қасиеттерін сақтай алады.