icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Жамбыл облысының Күйік өткелінде жол жүру қамтамасыз етілді

Жамбыл облысының аумағында бесінші тәулік бойы қолайсыз ауа райы сақталып тұр. Қалың қар жауып, температураның күрт төмендеуі, кей жерлерде төмен қарлы боран мен екпінді жел байқалады. Ауа-райының нашарлауы асулар мен тау бөктеріндегі көлік құралдарының қозғалысын қиындатуда.

Соңғы тәулікте ауа температурасының -30*С,-32*С дейін күрт төмендеуіне байланысты жағдай күрделене түсті.

2023 жылғы 11 желтоқсанда сағат 16:00-ден бастап 2-ші техникалық санаттағы «Алматы-Ташкент-Термез» автомобиль жолының (Ескі Күйік асуы) 546-557 км учаскесіндегі жүк автокөліктеріне қозғалыс шектелді.

Тараз қаласынан Шымкент қаласы бағытында ЖПҚ сүйемелдеуімен көлік құралдарының колоннасын өткізу барысында қатты аязға байланысты жүк көлігінде (жартылай тіркемесі бар тралл) гидравликалық жүйенің техникалық ақауы орын алып, нәтижесінде көлік құралы жолдың көлденең бойын толық жауып қалды.

«Қажсервис» ЖШС күшімен аталған көлік құралы жол шетіне сүйреп шығарылып, екі бағытқа да жол жүру қамтамасыз етілді.

Ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты -38*С, -42*С 12 желтоқсан сағат 12:00-ден бастап дизельді қозғалтқышпен жабдықталған көлік құралдарының қозғалысы үшін шектеу қолданылды.

Алайда, 12 желтоқсанда сағат 16:00-ден бастап жергілікті патрульдік қызметтің сүйемелдеуімен дизельді көліктердің қозғалысы қамтамасыз етілді.

Осы учаскедегі жолдарды тазалау жұмыстарына 14 жолшы және 8 бірлік техника жұмылдырылды: 3 бірлік КДМ, 1 бірлік К-700, 1 бірлік бульдозер, 1 бірлік автогрейдер, 1 бірлік шнекоротор, 1 бірлік тиегіш. Шамамен 500 м3 көктайғаққа қарсы материал жұмсалды.

Жалпы облыс бойынша 85 бірлік техника, 120 адам жұмылдырылып, 2,5 мың м3 КҚМ жұмсалды.

Қазіргі уақытта кедергісіз жол жүру қамтамасыз етілді.