icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

«Ақтөбе-Ырғыз» учаскесіндегі қозғалысты шектеуге қатысты

2023 жылғы 19 желтоқсанда сағат 09:30 шамасында (Астана қ. уақытымен) республикалық маңызы бар М-32 «РФ шек. (Самараға) – Шымкент» 1140 км. (II сан. Ырғыз ауданының Ырғыз к. маңында) автожолында жол-көлік оқиғасы орын алды.

«Toyota Alphard» автокөлігі Ақтөбе қаласынан Ырғыз кенті бағытында жоғарыда аталған автожолдың 1140 шақырымында маневрді орындау қауіпсіздігіне көз жеткізбестен (басып озу) VOLVO маркалы жүк көлігімен соқтығысқан. Салдарынан оқиға орнында көлік кептелісі байқалды.

ЖКО-ны қарау және сараптау бойынша барлық қажетті іс-шараларды өткізу кезінде жеңіл автокөліктерге жол қызметі күштерімен ұйымдастырылған уақытша айналма жол ашылды.  Ауыр жүк көліктерінің көлемі мен салмағын ескеріп, олар үшін қозғалыс сағат 16:00-де ЖКО сараптамасы аяқталғаннан кейін қайта жанданды.

ЖКО кезінде аталған учаскеде 7 бірлік арнайы техника жұмылдырылды, мәселен: щеткалары бар 2 бірлік МТЗ, 4 бірлік КДМ, 1 бірлік автогрейдер. Автожолдардың қауіпсіздігі үшін 80 м3-тен астам көктайғаққа қарсы материал шашылды.

Айта кету керек, жоғарыда аталған учаске ақылы жолдар санатына жатпайды.