icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Ақмола облысында «ҚазАвтоЖол» жолшылары 20 автобус жолаушысына көмек көрсетті

Бүгін түнде «Жақсы-Есіл-Бұзылық» автожолының 64-ші шақырымында Қарағанды-Ақтөбе бағытымен келе жатқан Setro автобусының жүргізушісі И. Г. Шишканов көмек сұрап жолшыларға жүгінді.
Автобуста 20 жолаушы болған. Жүргізушінің айтуынша, көліктің компрессоры істен шыққан.

ҚазАвтоЖол қызметкерлері бірден көмек қолын созды. Жолаушылар шұғыл түрде жақын маңдағы қонақ үйге жайғастырылып, автобус жол жөндеу бөлімі-4 автокөлігінің аумағына жеткізіліп, жылы гаражбен қамтамасыз етілді. Жолшылар жөндеу жұмыстарына толықтай көмек көрсетті.