icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында  1523 қызмет көрсету нысаны бар

Бүгін «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы ірі бизнес өкілдерімен кездесті. Келелі кеңесте республикалық магистральдар жиегіндегі сервисті дамыту мәселесі талқыланды.

Кездесуге «PetroRetail» ЖШС (QazaqOil ЖҚС), «Новая АЗС» ЖШС («Сompass» ЖҚС), «Автогаз Трэйд» ЖШС ( «GASENERGY» ЖҚС) , «LF-TRADE» ЖШС («Pegas» ЖҚС),  «NEFTEK Operating» ЖШС,  «ГазОйлПром» ЖШС, «ГазПромНефть» ЖШС, «Бизнес Петролеум» ЖШС («Трасса М36» маркасымен ЖҚС), «АЗС V-OIL» ЖШС, «Royal Petrol» ЖШС, «Gason» ЖШС компаниясының басшылары қатысты. Олар ағымдағы жылға арналған келісідей мәселелерді талқылады: жол бойындағы сервистік нысандарды мемлекеттік стандарттарға сәйкестендіру, республикалық маңызы бар күре жол жиегінде қызмет көрсетудің халықаралық тәжірибесін қолдану, жаңа пункттер мен демалыс орындарын ашу, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған нысандарды кеңейту.

Бүгінде республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жиегінде 1523 жол бойындағы қызмет көрсету нысаны орналасқан десек, оның 82 пайызы Ұлттық стандарт талаптарына сай. «Қуатты аймақтар – ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасының индикаторына қол жеткізу мақсатында былтыр республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында 37 жол бойындағы қызмет көрсету объектілері мен 24 санитарлық гигиеналық қондырғылар салынды.

 «Біздің мақсатымыз – барлық жол қозғалысына қатысушыларды жол бойында ыңғайлы және қауіпсіз демалыс орындарымен, ал ұзақ сапарға шыққан жолаушыларды жайлы тұрақпен қамтамасыз ету. Сондықтан, баршамыз бірлесе «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып», республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жиегінде заманауи көпсалалы жол сервисі кешендерін салуымыз қажет», - деді басқарма төрағасы.

  • Size 273 Kb
Download Look
  • The size: 260 Kb
Download Look
  • The size: 302 Kb
Download Look
  • The size: 344.3 Kb
Download Look
  • The size: 259.8 Kb
Download Look