icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

 «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Қызылорда облысының әкімімен кездесті

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Дархан Иманашевтың Қызылорда облысына жұмыс сапары аясында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевпен кездесуі өтті.

Кездесуде қос тарап Қызылорда облысындағы республикалық маңызы бар автожолдарға қатысты жобалардың ағымдағы жай-күйін талқылап, Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыруда бірлесіп жұмыс істеудің маңыздылығын атап өтті.

Қызылорда облысындағы республикалық маңызы бар күре жолдың жалпы ұзындығы 1014,5 шақырымды құрайды. Жүргізушілер мен жолаушылардың, жалпы сапарлаушылардың жайлы әрі қауіпсіз жолмен жүруі үшін қарқынды жұмыстар атқарылуда. Айталық, бүгінде республикалық маңызы бар «Қызылорда-Павлодар-Успенка-РФ шекарасы» автожолының «Қызылорда-Жезқазған» учаскесін (192 км) қайта жаңарту жұмыстары сәтті жүріп жатыр. 2024 жылға арналған жұмыс жоспарын орындау мақсатында мердігер компаниялар жол құрылыс материалдарын дайындауда. Құрылыс 2024-2025 жылдары аяқталады деп жоспарлануда.