icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Республикалық маңызы бар автожолдарда қардың жиналуын болдырмау бойынша жұмыстар жалғасуда

Қыс мезгілінде республикалық маңызы бар автожолдарды тазалап, тегістеп,  қысқы күтіп-ұстау жұмыстарымен қатар, жол жиегінде қарды ұстау қалқаншаларын орнату да аса маңызды. Бүгінде елімізде республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының барлық желісінде 2,7 мың шақырым қар басу ықтималдығы жоғары  аумақтар анықталды.

Жол жиегіндегі қарды ұстау бойынша компания жылда қарқынды  жұмыс атқарады. Мәселен, былтыр Астана-Павлодар және Астана-Көкшетау автожолдарының бойында 25 шақырымды құрайтын қар ұстайтын стационарлық қалқандар орнатылды.

Ал, биылғы қысқы кезеңге дайындық барысында «КАЖсервис»  ЖШС республикалық маңызы бар автожолдардың жиегіне 38 мың п.м қарды ұстайтын уақытша қалқандар қойды.

Қыс басталғалы жолшылар күнде жол бойына қар ұстайтын қоршау мен траншеяларды қазуда. Бұл жұмыстар автожолдарда қардың жиналуын болдырмайды және жол жиегіндегі қарды ұстауға көмектеседі. Айта кету керек, жол салу немесе жолды реконструкциялау жобасын әзірлеу кезінде қар басатын аумақтарда міндетті қар қоршауларын орнату қарастырылады.