Ақтөбе облысындағы бұрқасын, қалың қар мен көру қашықтығының төмендеуі салдарынан республикалық маңызы бар М-32 «РФ шекарасы (Самараға) – Шымкент» автожолында уақытша шектеулер енгізілген. Жолшылар мен еріктілер табиғаттың тосын мінезімен бетпе-бет келген жолаушыларға көмектесуді жалғастыруда. Жолда қалған 6 автобустың жолаушыларына ыстық тамақ пен сусындар, дәрі-дәрмектер жеткізілді.
Сондай-ақ, күре жолда қалып қойған жеңіл және жүк көліктерді қардан шығару, жүргізушілерді жақын маңайдағы елді мекендерге жеткізу жұмыстары да қарқынды жүргізілуде. 3 күннің ішінде 60 аса автокөлік қар құрсауынан шығарылып, Хромтаудан Ақтөбе қаласына дейін бавтокөліктерді коланнамен өткізу шарасы ұйымдастырылды.
Еліміздің бірқатар өңірінде әлі де ауа-райының тұрақсыздығы байқалады. Жол қызметкерлері тәулік бойы, күшейтілген режимде жұмыс жасап жатыр.