icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Өңірлерде су тасқынының алдын алу шаралары басталды

Күн райының күрт жылуына байланысты бірнеше облыстарда қар мен мұз жылдам еріп жатыр. Жолшылар «Астана-Ерейментау-Шідерті» автожолының 34-шақырымындағы айналма жолдың маңындағы еріген судың ағып кетуін қамтамасыз етті.

Су өткізетін құбырларды тазалау жұмыстары түнде басталған. Учаскеге шұғыл түрде қажетті техника жеткізілді. Қазіргі сәтте су тасқынының қаупі жоқ.

Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында республикалық маңызы бар автожолдардағы су өткізу құбырларын тазалау штатты режимде жүзеге асырылуда.
Бүгінде тасқын қауіпі жоқ болса да, жол-пайдалану учаскелерінде арнайы кезекшілік ұйымдастырылды.