icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

ҚР Премьер-Министрі Басқарма төрағасының баяндамасын тыңдады

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов Қарағанды облысына жұмыс сапары аясында «Қарағанды-Балқаш-Алматы» автожолын қайта жаңғырту жұмыстарының барысы туралы есепті тыңдады.

Жаңа асфальт жамылғысы салынғаннан бері аталмыш жолдың барлық шықырымында көлік қозғалысы қарқынды жүруде, тек жол өтпесінің құрылысы жүріп жатқан жерлерде ғана  айналма жол ұйымдастырылған.

«ҚазАвтоЖол» АҚ Басқарма төрағасы Дархан Иманашев аталмыш учаскеде 11 көпірдің құрылысы бойынша жұмыстар дер уақытында аяқталып, теміржол көпірі арқылы Балқаш қаласын айналып өтетін жол өтпесі салынғанын айтты.  

Сондай-ақ, жол жиегі  бойында 18 демалыс орыны санитарлық-гигиеналық қондырғыларымен бірге жабдықталатын болады.  Жобаны толық аяқтау үшін қажетті  жол құрылыс материалдары әзірленіп жатыр.

«2019 жылдан бастап Қарағанды-Алматы автожолының ІІІ-ші санаттан I-б техникалық санатына ауыстырылатын учаскесінде 4 жолақты қозғалысты және қарсы қозғалысты бөлетін тосқауыл қоршауды орнату бойынша реконструкциялау жұмыстары жүргізілуде. Қайта жаңартылған жолдың жалпы ұзындығы 946 шақырымды құрайды, осы дәліз бойындағы жұмыстардың аяқталуы жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және Астанадан Алматыға жол жүру уақытын 10 сағатқа дейін қысқартады», - деді басқарма төрағасы.

«Орталық-Оңтүстік» дәлізін қайта құруды толық аяқтау еліміздің туристік әлеуетін дамытуға үлкен экономикалық серпін береді, орталық Қазақстанның жол инфрақұрылымын дамытуға зор үлесін қосады, көліктердің жүру уақыты айтарлықтай қысқарып, жол қозғалысы қауіпсіздігі артады. Елді мекендер мен жолға іргелес аумақтардың экологиялық жағдайы жақсарады. Бір сөзбен айтқанда,  заманауи және сапалы жол бойындағы қызметтер еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін арттыруға ықпал етеді.