2024 жылғы 28-ақпанда «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-да «Жолдарды қысқы күтіп-ұстау» тақырыбында халықаралық конференция өтті. Шараға PIARC Техникалық комитетінің хатшысы, Шығыс аймақтық басқармасындағы қысқы күтіп-ұстау тобының жетекшісі Стефани Годе, PIARC Ұлттық комитетінің атқарушы Директоры Д.В.Бессонов, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары С.Хамзин және жол қызметінің өкілдері қатысты.
Конференция барысында Франциялық әріптестер автожолдарды қыс мезгілінде күтіп-ұстаудың инновациялық шешімдері мен ерекше ұсыныстарымен бөлісті. Күтіп-ұстау жұмыстарын ұйымдастыру барысында олар климатпен қатар, қозғалыс шарттарын, қызмет көрсету деңгейінің өзгеруін, қоршаған ортаға тигізер әсерді де ескеретінін жеткізді. Қатысушылар мұздануға қарсы сұйықтық жүйесі орнатылған қалақтар, бір уақытта екі қозғалыс жолағын қардан тазалайтын арнайы техника мен жылы тротуарлар сияқты инновациялық әдіс-тәсілдерді талқылады.
Тараптар нәтижелі конференция мен тәжірибе алмасқаны үшін алғыстарын білдірді. Сондай-ақ, «ҚазАвтоЖол»ҰК» АҚ жол қызметтерінің жұмысын ұйымдастыру кезінде шет елдердің озық тәжірибесін мұқият зерттейтіндігін ерекше атап өткен жөн.