icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

«ҚазАвтоЖол» 2023 жылы республикалық маңызы бар автожолдарындағы қайта жаңару және жөндеу учаскелерінде 2572 ақауды анықтады

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ 2023 жылдың қорытындысы бойынша республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының қайта жаңару және жөндеу учаскелерінің нысандарында 2572 ақауды анықтады.

Қазіргі уақытта оның 366-сы жойылмаған, бұл 14% құрайды. Бұл көрсеткіш өткен жылмен (2022 жылы 5332 ақау анықталды) салыстырғанда айтарлықтай жақсарғанын көрсетеді.

Ақауларды жою динамикасы 2,1 есе жақсарып, ол сапаны қадағалау бойынша жұмыстардың тиімділігінің артып жатқанын білдіреді.

Жұмыстың негізгі бағыты – жол құрылыс материалдарындағы анықталған ақаулар мен сәйкессіздіктерді жою. Талдау нәтижелері көрсеткендей Абай, ШҚО, Атырау, Ақмола және Павлодар облыстарында ақауларды жою бойынша жұмыстар дұрыс атқарылмаған.

«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК мамандары 9834 жол құрылыс материалдарының сынамаларын (керн, қиыршық тас, битум, асфальтобетон қоспасы және басқалары) алып, зерттеу жүргізді. Ол жұмыстардың нәтижесінде негізгі мәселелер анықталып, олар қалыпқа келтірілді. Оң нәтижелерге қарамастан, нормативтік құжаттамаға сәйкес келмейтін сынамалардың 8,5 %-ы қалды. Бұл қосымша өзгертулер мен бақылауды қажет етеді.

2023 жылғы тексеру жұмыстарының барысында келісімшартта көрсетілген міндеттемелерді орындамаған, өлшеу құрылғылармен жабдықталмаған және айыппұлдарды өндіретін мамандарды ауыстырғаны үшін техникалық қадағалау компанияларына 62 млн теңге сома көлемінде айыппұл салынып, нысандарда дұрыс бақылау жүргізбеген 18 сарапшы жұмыстан босатылды.