icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Сәлем, жас түлек!

Еліміздің әр өңірінде жолшылар биылғы түлектермен кездесіп, ашық есік күндерін өткізуде. Оқу жылы аяқталды, енді түлектер армандаған мамандықтарына түсуге дайындалады.

Кез келген студент - ертеңгі болашақ маман. Сол себепті жолшылар жас түлектерді "Жолшы" мамандығына оқуға түсуге шақырады. Сала өте қызық. Жол салудың технологиясынан бастап, оны жобалауға дейін үйренуге болады. Нағыз инженерлік сала.

Сіздерге айтатын жаңалығымыз бар. Биыл "жолшы" мамандығына 1000 грант бөлінді. Бұл өте үлкен мүмкіндік. Қазақстанның ең мықты деген университеттерінде білім алуға болады.

Барша мұғалімдерді, ата-аналар мен оқушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтаймыз! 

Жас түлектерге алдағы емтихандарды сәтті тапсырып, армандаған мамандықтарына түсуді тілейміз!

Сәттілік!